"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Кенгуру

Кенгуру - қалталы сүтқоректілер тұкымдасына жататын жануар. 15-17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25-160 см, құйрығының ұзындығы 15-105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4-90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар. Өсімдікпен қоректенеді, бірақ кейбір түрі құрт, жәндікті де жейді. Жылына 1 рет 1-2 күшік туады да, оны бауырындағы қалтасына салып, 6-8 ай асырайды. Көп тараған жерде мал жайылымына, егінге зиян келтіруі мүмкін. Терісі мен еті және хайуанханалар үшін ауланады. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру бар. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика