"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Кекілік

Кекілік — тауықтәрізділер отряды қырғауыл тұқымдасына жататын әдемі кұс. Негізгі мекені— тау-тасты жерлер. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар)  Алатауында,   Тянь-Шаньнің солтүстігінде Іле және Солтүстік Алатауда, Каратауда. Сауыр мен Тарбағатайда, Үстіртте және Манғыстау түбегінде кездеседі. Дене тұрқы 35 см, салмағы 370-770 г. Жабын қауырсыны біркелкі ренді, ақшыл түсті алқымы қара жолақпен көмкерілген, екі қапталында ақ және қоңыркай ренді көлденең жолақтары бар. Тұмсығы, көзінің айналасы қызыл, аяқтары қызғылт түсті болады. Аяғының бұлшық еті жақсы дамыған, сондықтан ширақ қозғалып, тіршілігінің көпшілігін жерде өткізеді. Бұта мен ағаштарға қонақтауы сирек байқалады. Кекіліктер ұялаған кезде топтасып ұшып, көбінесе "ке-ке-лек, ке-ке-лек" деп дыбыстайтын болғандықтан, құстың аталуы осыған байланысты қойылған. Кекілік — отырықшы құс. Орман өспеген тау тастардың арасына қарапайым ұя жасайды, онда көбінесе 7-22 жұмыртқа болады. Қазақстандық орнитолог Юрий Грачев кекілік аналығының екі жерге ұя жасап, жұмыртқалайтынын дәлелдеді. Мұндай жағдайда бір ұядағы жұмыртқаны аналығы, екінші ұядағы жұмыртқаны аталығы басатыны анықталды. Осылайша кекіліктер қатал қыста шығынға ұшыраған балапандарының орнын толтырады. Кекіліктер  өсімдік  өскіндері және тұқымдарымен, жәндіктермен қоректенеді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика