"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Каспий тілтістісі

Каспий тілтістісі – дөңгелек ауыздылар класының өкілі. Балықтәрізді жануардың ұзындығы 55  см, салмағы 200 г дейін. Ауызы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 110°С-қа төмендегенде көбею үшін қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін, жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын жануарларды ұстап, кептіріп, майын жарық үшін пайдаланатын болған, қазір тамақ үшін пайдаланады.

1941 жылға дейін жылына орта есеппен 350 тонна тілтіс ауланған, содан бері саны үздіксіз кемуде. Тіршілік етуіне негізгі қаупі – Жайық өзенінде су құрылыстарын салу. Қолдан өсіруді ұйымдастырып, жас тілтістерді қорықтық режимі бар суларға жіберу керек.  

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика