"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Ителгі

Ителгі – Қазақстанда кездесетін 9 қыранның ішіндегі ең ірісі және баспада жиі жарияланатын болғандықтан көпке таныс. Бұл құстың тағдырын мысалға алып, өркендеп өсіп тұрған түрдің тез арада сирек кездесуі және құрып кетуін түсіндіруге болады. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда ителгі туралы тек орнитолог мамандар ғана білетін. Ол туралы басылымдарда былай жазылған: бұл – саны біршама және кең таралған Қазақстанның ірі қыраны. Ұясы республиканың барлық жерінде кездеседі, дегенмен оның саны ешқашан көп болған емес деп жазған. Алайда ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы бұл қыранның түбіне жетті: мыңдаған құс ұсталып, араб ердеріне жіберілді, ондаған (мүмкін жүздеген) ұялар бұзылды, құстар бұл жерде ұя салуды тоқтатты. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанда ителгінің саны өте азайып, ол тек орманды далалардағы қорықты жерлерде ұялайтын болды. Ителгі – лашыннан шамалы ірі (салмағы 0,7-1,3 кг). Бұйығы, көзге көп түсе бермейді. Шақыру айқайы – «кее-кее-кее» деп дыбыс шығарып, басқа сұңқарға белгі берсе, «кикикики» деген үрейлі дыбысы, тек ұялау кезеңінде ғана, оның өзінде сирек естіледі. Құстармен, майда сүтқоректілермен қоректенеді. Құстардан шіл, ірі үйректерді, жатыққан ителгі жекдуадақтарды да алады. Өздері ұя салмайды, қарғалардың немесе жыртқыш құстардың ағаштардағы, жартастардағы ұяларына орналасады, 2-4, сирек 6 қызғылттау жұмыртқаларын аналығы 30 күнде басып шығарады, мамықты балапандарын да аналығы жылытады, аталығы оларға жем тасиды. 2-3 балапан ғана ұшады. Бұл қыран қорғаудың ерекше шараларын керек етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Бұл түрді Ақсу-Жабағлы, Наурзым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика