"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Инеліктер

Инеліктер - жәндіктер класының бір отряды. Ұзындығы 14-120 мм. Құрсақ бөлімі жіңішке әрі ұзын. Аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін алып орналасқан. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Канаттары торланып жүйкеленген. Басқа жәндіктерден ерекшелігі: арка-құрсақ қанатының бұлшық еттері жаксы дамыған, тыныштық күйде қанатарын денесіне жинамай, жайып жібереді. Қанаттарының құрылысына қарай инеліктер: теңқанаттылар, әр түрлі қанаттылар және Аnіsоzуgорtеrа (тек Жапония және Үндістанда ғана кездеседі) отряд тармақтарына бөлінеді. Инеліктердің 4500-ден астам түрі белгілі. Қазақастанда 7 түрі қорғауғ алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Инеліктер – дара жыныстылар, шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын суға немесе су өсімдіктерінің сабағына салады. Дернәсілдері су асытндағы заттарға жабысып тіршілік етеді. Қорегін (ұсақ су жәндіктер»н, т.б.) астыңғы еріні арықылы ұстайды. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы жазғытұрым бірнеше рет түлеп, маусым айында ересек инеліктерге айналады. Ересек инеліктер тұщы су қоймаларының маңында жиі кездеседі. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. Инеліктер — пайда келтіретін энтомофагтар. Дернәсілдері — балықтың, су құстарының қорегі.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика