"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Израиль

Израиль, Израиль мемлекеті— Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көлемі 14 мың км2, іл 1948-49 жылы араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың. Халқы 7,3 млн. Халқының 81%-ы еврейлер, қалғандары, негізінен, арабтар. Елдің басты экономикалық және мәдени орталығы — Тель-Авив қаласы (320 мың). Үкімет мекемелері БҰҰ-ның қарсылығына қарамастан 1950 жылы ел астанасы деп жарияланған Иерусалим қаласынын (400 мыннан аса тұрғыны бар: 250 мындайы — еврейлер. 160 мыңы — арабтар) батыс бөлігінде орналасқан. Израильде ел Конституциясы жоқ. Мемлекеттік құрылымдар жекелеген заң актілері бойынша реттеліп отырады. Мемлекет басшысы — парламент (кнессет) төрт жылға сайлайтын президент. Бірақ оның билігі шектеулі. Үкімет билігі премьер-министрдің   қолында.   Заң   шығарушы орган - 1 палаталы парламент. Ол халық 4 жылға сайлайтын 120 депутаттан тұрады. Ресми тілдері -  иврит (ежелгі еврей тілі) және араб тілдері. Негізгі діні — иуда, сондай-ақ мұсылмавдар мен христиандар да көп. Ақша бірлігі — шекель. Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (14 мамыр, 1948). Ел аумағы әкімшілік жағынан алты округке (дистрикт) бөлінеді.

Израиль теңіз жағалауында,  500-1000 м биіктіктегі таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Солтүстігі жауын-шашынды, оңтүстікке қарай — жартылай шөл және шөлейт. Жазы ыстық. Шілде-тамыз айларындағы орташа температура 24-28°С, Гхор ойпатында дейін. Қысы жылы, оңтүстік-батыста қаңтар температура 6-14°С, ал қалған өңірлерде жауын-шашынның жылдық мөлшері Гхор ойпаты мен Негев шөлінде 100-200 мм, кейде тіпті 100 мм-ге дейін, таулы жерлер мен Жерорта теңізі жағалауларында 400-800 мм. Жауын-шашын, негізінен, қыс айларында болады. Солтүстік-шығысында Иордан өзені ағып жатыр. Ұсақ өзендері жазда құрғап қалады. Жері пайдалы қазбаларға, өсімдіктер дүниесіне кедей. Үлкен ормандары жойылып кеткен.
Израиль жері - ежелгі мәдениеті гүлденген аймақ. Еврейлер өздерін осы аймақты мекендеген ежелгі ұлт деп есептейді. Қазіргі Израиль мемлекеті 1947 жылы 29 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімі негізінде өз тәуелсіздігін (14 мамыр, 1948) жариялаған.  Оған бұрынғы Палестина жеріі 56%-ы (14 мың км2) беріліп, Израиль мен оның төңірегіндегі аймақ бейтарап зона деп жарияланды. Жаңа мемлекет құрыла салысымен оған карсылық ретінде бірнеше араб мемлекеті басып кірді. Соғыс бір жылдан аса уақытқа созылып, Израильдің пайдасына шешілді. Ол басқа елдердің қарсылығына қарамастан, БҰҰ шешімімен  арабтық  Палестина  мемлекетіне  берілген жердің көп бөлігін (6,7 мың км2) және Иерусалим қаласының батыс бөлігін басып алды. Израиль басып алған жерлерінен 1 млн-нан аса арабтарды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жылы 11 желтоқсанда шығарған босқындардың отандарына қайтып оралу құқы туралы қарарын орындаудан бас тартты. 1949 жылы Израиль Египетпен, Ливанмен, Иорданиямен және Сириямен уақытша бітім жасасты.  Бірақ арабтармен екі арада соғыс тоқтатылған жоқ. 1956 жылы Израиль Ұлыбритания және Франция жағында Египетке қарсы соғысты. 1967 жылы маусымда Египетке, Сирия мен Иорданияға тұтқиылдан шабуыл жасап, жеңіске жетті де, арабтардан Синай жартыаралын, Газа секторын, Иордан өзенінің батысын,   Иерусалимнің арабтық бөлігін, Голан жотасын басып алды. 1973 жылы қазан айында қайта басталған Израиль мен араб елдері арасындағы соғыс БҰҰ-ның талабымен сол жылы желтоқсан айында тоқтатылды. 1975 жылы Синайдан әскерді әкету туралы Египетпен арада келісім жасалынды. 1978 жылы Кэмп-Девидте (АҚШ) Египет пен Израиль арасында тағы келісім жасалып, Египет Синайды өзіне қайтарып алды. 1980 жылы Израиль үкіметі Иерусалимді «өзінің біртұтас және бөлінбес астанасы» деп жариялап, Сирия жері болып табылатын Голан жотасын өзіне қосып алғандығын жариялады. Бұл әрекет БҰҰ тарапынан заңсыз деп айыпталды. 1981 жылы Израиль мен АҚШ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. 1982 жылы маусымда Израиль әскерлері Ливанға басып кіріп, астанасы Бейрут қаласын қоршауға алды және онда тұрған Палестинаны азат ету ұйымының қарулы жасақтары штаб-пәтерін елден кетуге мәжбүр етті. Ливанның оңтүстігіне басып кірген әскер тек 2000 жылы кері шығарылды. 1995 жылы Газа секторы автономияға қол жеткізді. Дегенмен әлі де араб елдерімен арада бейбіт келісімдерге қол жетпей отыр.
Израиль дамыған аграрлы-индустриалды ел. Әр адамға  шаққанда жылдық табыс  мөлшері— 14,4 мың доллар.  Елде меншіктің үш түрі (жеке    меншік,    мемлекеттік,    кооперативтік-кәсіподақтық), әскери өнеркәсіп жақсы дамыған. Дегенмен Израиль экономикасы, негізінен, сырттан — АҚШ пен Еуропа Одағы еддері тарапы-нан  қаржыландырылып   отырады.   Қорғаныска Ұлттық табыстын 15%-ынан астамы жұмсалады. Елде жыл сайын сырттан келетін еврей ұлтты иммигранттарға   қолайлы   жағдай   туғызылған. 1983-96 жылдары елге ТМД елдерінен 800 мыңнан астам адам келіп   қоныстанды.Экономикадағы өнеркәсіптін үлесі — 21%, ауыл шаруашылығы - 3%. Елде медициналық, электроника, байланыс құралдары, компьютерлер шығару жақсы дамыған. Оған қоса металл өңдеу, машина жасау (кеме мен авиация, әскери техникалар шығару), электртехника, химия, алмас өңдеу, т.б. өндіріс орындары шоғырланған. Ауыл шаруашылығыңда, негізінен, цитрусті жемістер өсіріледі. Оған қоса жеміс-жидек, бау-бақша, гүл өсіру, құс өсіру жақсы дамыған. Астық өнімдері сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері - АҚШ пен Батыс Еуропа елдері. Израиль сыртқа қару-жарақ сататын әлемдегі 10 елдің ішіне кіреді. Израиль БҰҰ-ның мүшесі (1949) және Еуропа одағының ассоциацияланған мүшесі. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялык және сауда-экономикалық қатынастар біршама дамыған.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика