Зубр — сүтқоректілер класы қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын жануар. Негізгі мекені Батыс және Орталық Еуропаның орманды аймақтары болып саналады. Зубр — ірі жануар. Дене тұрқы 3,5 м, биіктігі 2 м-дей (шоқтығынан алғанда), салмағы 1 тоннадай. Жүні қалың, қоңыр түсті. Бұқасының да, сиырының да мүйізі болады. 2-3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Шілде-қыркүйекте күйлеп, 9 айдан соң аналығы жалқы бұзау туады. Бұзауын 5 айдай, кейде 1 жылға дейін емізеді. 20-ғасырдың басында таза тұқымды зубрлар тек қорықтарда сақталып қалды. Аң шаруашылығы үшін маңызы зор. Зубрлар жойылып кету қаупі бар жануарлар тобына жататындықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" енгізілген.
Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.