"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жыртқыштар

Жыртқыштар - сүткоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. Қазақстанда 5 тұқымдасы (ит, аю, жанат, сусар, мысық), 14 түрі бар. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4-5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қыссқарақ. Жүні ұзын, әрі қалың,  түрлі түсті келеді. Жыртқыштардың азу тістері жақсы жетілген. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, немесе мүлдем байқалмайды. Иіс және есту мүшелері жақсы дамыған. Қорегін таңертең, көбінесе, іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2-3 рет, кейде 2 жылда 1 рет ұрпақ әкеледі. Ұрпағы нәзік, қызыл болып туылады. Жыртқыштардың арасында  тұрғыдан маңызды, терісі құнды (бұлғын, кәмшат, ақ кіс, қара күзен, т.б.) немесе зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақ ауыл  шаруашылығына,  аңшылыққа залал  келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жануарлардың кейбір түрлері (қызыл қасқыр, тянь-шань қоңыр аюы, барыс, қабылан, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика