"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Білгенге маржан


Жыртқыш құстар

Жыртқыш құстар (Fаlсоnіfоrmеs) — құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран),14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене жыртқыш құстардың (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісінікі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі, әдетте, ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын)айқын көрінеді. Жыртқыш құстардың қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен, моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақарасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1-3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4-7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да екеулеп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен, зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт,т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.


Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 4/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 720 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика