"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жыланжегіш қыран

Жыланжегіш қыран – ірі (салмағы 1-1,5 кг), қанатты жыртқыш. Ол үлкен басы, ашық сары үлкен көздері, ұзын көлденең жолақты құйрығы бар, кішілеу қыранға ұқсас құс. Құрсағы ақ түсті, қанаттарының астыңғы жағы жіңішке көлденең сызықтармен өрнектелген, мойны мен жемсауы қара түсті, ұшқанда жақсы көрінеді. Дауысы мияулаған, бірақ өте сирек естіледі. Жыланжегіш қыран жеңіл ұшады, қалқиды, ал жемтігін көрген кезде, күйкентай сияқты, қанаттарын қағып, ауада тоқтай қалады. Жыландар мен кесірткелермен қоректенеді, оларды өте биікте ұшып жүріп қарайды. Ұсақ сүтқоректілер мен құстарды сирек жейді. Ұясын әдетте ағашқа, кейде жартасқа салады. Мұндай ірі құс үшін – ұясы өте кішкентай. Жалғыз ақ түсті жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп басады, балапандарын да бірге асырайды.

Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігіндегі құмды шөлдерде, шөлді таулар мен құрғақ тау бөктерлерін мекендейді. Саны нақты анықталған, бірақ соңғы он жылдықтарда оның кемуі жақсы байқалады. Негізгі себептер: электр тарату жүйелерінің тіректеріндегі өлім-жітім, қасақылардың тікелей қыруы, ұя маңында мазалау факторлары. Қазақсатнның Қызыл кітабына енгізілген.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика