Жұртшы – жыртқыш құстар отрядының өкілі. Дене пішіні орташа (қанатының құлашы 150-170 см, салмағы 2 кг), тұмсығының айналасында жалаңаш қызыл терісі бар жыртқыш құс. Ересек жұртшы ақ қауырсынды, тек қанатының ұшында қара жолағы болады, балапандары қоңыр түсті. Жұртшыны кез-келген жасында, ұшып жүргенде жалпақ қанаттары мен ұшына қарай жіңішкеленген құйрығынан білуге болады. Африканың, Оңтүстік Еуропаның және Азияның тауларында кең тараған. Қазақстанда Тянь-Шань сілемдерін, Үстірт пен Маңқыстаудың құлама жарларын мекендейді. Шөлдегі таулардың құзды-жартасты жерлерін немесе ірі жоталардың құрғақ бөктерін ұнатады. Әр түрлі өлекселермен қоректенеді. Саны аз әрі біраз кеміп келе жатыр. Санының азаю себептері - заңсыз аулау, қақпанға түсуі, қақпан маңындағы уланған жемді жеп алуы. Қаратау мен Іле алқабында қорықтар ұйымдастырып, заңсыз аулаушылармен күресті күшейтіп, сондай-ақ уланған жемдерді пайдалануды шектеу шараларын белгілеу керек.
Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. - Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.