"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Білгенге маржан


Жұмекен Нәжімеденов

Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы — қазақ ақыны, жазушы.

1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Ашақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін.
1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқыған. Содан кейін «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Баспалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж. Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973 жыл), «Кішкентай» (1975  жыл), «Атақ пен дақпырт» (1978 жыл) атты үш романы басылды.
Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және он күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А. Вознесенскийдің, Е. Евтушенконың, Н. Хикмет пен Ә. Файзи шығармаларын аударған.
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған.
2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.
Негізгі шығармалары
• «Күй кітабы», поэзиялық жинағы
• «Ашық аспан», поэзиялық жинағы
• «Менің топырағым» поэзиялық жинағы
• «Даңқ пен дақпырт», роман
• «Кішкентай», роман
• «Ақ шағыл» роман т.б.
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 7/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика