"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Білгенге маржан


Жүгері

Жүгері, маис — астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Алғаш Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Мексикада біздің заманыздан бұрынғы 5200 жылы шамасында ертедегі майя мен ацтектер өсірген. Дәнінің құрылысына қарай үлпекті, кремнийлі, тіс тәрізді (сүйір дәнді), крахмалды, қантты, крахмалды-қантты, бадынақ (жарылғыш), балауыз түстес, жұқа қабықты жүгері түрлеріне бөлінеді. Қазақстанда 15 сорты аудандастырылған. Сабағы тік, биіктігі 0,5-6 м, кейде бұдан да биік, жуандығы 2-7 см. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді,   сабақтың  әрбір  буынынан  бір-бірден екі жағына жайыла өседі. Дара жынысты, бір үйлі, айқас тозаңданады. Аталық гүл шоғыры (шашақ) сабағының ұшында, аналық гүл шоғыры (собық) жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі - дәнек. Собығында 500-1000 дән болады.  Дәнінің құрамында 1,3 азық өлшемі, 65-70% крахмал, 7-12% белок, 3-6% май бар. Жүгері сүрлемі — мал үшін құнарлы азық. Жүгері – жылу және жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 100-180 күн. Жүгері дәнінен жарма, үн, крахмал даярланады,  спирт, сыра, қант, глюкоза, т.б. дайындау үшін пайдаланады. Негізгі зиянкестері: сымқұрт, жалған сымқұрт, кеміруші жұлдызқұрт, т.б.; аурулары: бөртпе және тозаңды қаракүйе, бактериоз, фузариоз.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика