"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жираф

Жираф, керік — жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерлерін мекендейді. Жирафтың екі туысы (жираф және окапи), ал олардың бір-бірден түрі бар: 1) кәдімгі жираф — денесінің ұзындығы 2 м-ден асады, шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500-1000 кг-дай болады. Басы аса үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ мойын омыртқасынын саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа әрі мығым, аяқтары сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяғынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Жалпы түсі ашық сары, қара қошқыл дақтары болады. 10-12-ден (кейде 50-60-тан) топтанып жүріп, күндіз жайылады. Негізінен, акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Жираф жалқы төл туады, оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі; қолда көбейе береді; 2) окапи — биіктігі 2 м-дей, салмағы 250 кг-дай. Мойны аса ұзын емес, құлағы үлкен. Аталығының мүйізінің сыртқы терісі жыл сайын өзгеріп тұрады. Түрі біркелкі қызғылт қоңыр, тек аяқтарында көлденен сары түсті жолақтары болады. Негізінен, ылғалды тропиктік орманды жерлерді мекендейді. Жеке жүреді. Жирафтың жаулары жыртқыш аңдар, әсіресе арыстан.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика