"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Білгенге маржан


Жеті Жарғы

Бізге түгел болмаса да келіп жеткен қазақ әдет-ғұрып құқығының ірі жинақтарының бірі — Тәуке ханның "Жеті Жарғы" заңы. Бірақ бізге бұл заң жинағының XIX ғасырда Г. Спасский мен А.И. Левшин жазып қалдырған кейбір фрагменттері ғана жеткен. Дегенмен де, XVIІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамында қолданылған құқықтық нормалардың анализі кейбір зерттеушілерге "Жеті Жарғы" жеті бөлімнен құралған деген негіз береді. Олар:

1)  Жер дауы;
2)  Жесір дауы;
3)   Неке-отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар;
4)  Сотта іс жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар;
5) Әскери іс және мемлекетті басқару саласындағы құқықтық нормалар;
6) Айып төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары;
7) Құн төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары.
"Жеті Жарғы" заң жинағын жасауға қазақтың атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысқандығы тарихтан белгілі. "Жеті Жарғы" адам құкықтарын қорғаудағы ерекше құқықтық құжат болып табылғандығында дау жоқ.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы билер сотының практикасымен толықтырылып отырды. Прецеденттік құқық - зерттеудің қызығушылық тудыратын объектілерінің бірі болып табылады, ол нақты іс бойынша бидің шығарған шешімі және ол бұдан былай ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынды. Қазақта ауыр дауларды оңай шешкен билер болды. Ол туралы қазақта "Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен" деп билер жайында айтылған фольклорлық деректер көп. Әсіресе мұндай шешімдерді Майқы би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің практикасынан көп кездестіруге болады. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетгі басшылыққа алынып отыратын болған. Билер соты практикасының мұндай сот прецеденті әдет-ғұрып құқығынын бастауларының біріне айналды. Оған, мысалы "Тапқан қуанады, таныған алады," "Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды," "Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды," "Қара халыққа хан ие, қара жерге халық ие," "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" т.б. сөздері көптеген билердің даулы істі шешкенде қолданып, кейінгі билерге өсиет ретінде қалдыруын ерекше атап айтуға болады.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы үнемі қалыптасып, дамып отырды. Барлық әдет-ғұрыптар құқықтың маңызды қайнар көзі болып табылатын билер сотының практикасымен (бидің билігі) толықтырылып, өзгертіліп отырды. Билердің шешімдері XIX гасырдың екінші жартысына дейін ауызша сипатта болды. Олар көбінссе фольклорлық деректерден көрініс тапты. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап билердің үкім-шешімдерінің қысқаша мазмұны жазылған кітаптар енгізілген еді. Билер сотының үкімдері кейде жазбаша құжат түрінде жеке ресімделетін.
Қазақ даласындағы соттық прецеденттерге билер алқалы түрде қатысатын. Билер шешімімен қабылданған үкімдер билер сотының практикасында ұқсас істерді шешуде басқа билер үшін үлгі қызметін атқарған. Билер дауға үкім айтқан кезде Майқы би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. атақты билердін шешімдеріне сілтеме жасайтын. Мұның өзі қазақ әдет-ғұрып құқығындағы соттық жүйенің өте жоғары денгейде болғандығының көрінісі, себебі даулы істі алқалы түрде қарастырған кезде белгілі бір құқық бұзушының кінәлі-кінәсіздігін анықтау оңайырақ.
Қазақ әдет-ғұрып құқығына бір жағынан, елеулі әсер еткен және екінші жағынан онын қайнар көздерінің бірі болған — шариғат нормалары. "Жеті Жарғыда" шариғатка байланысты бірнеше қағидалар болды. Мәселен, онда "Кұдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсс) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады" деген ережелер болды және олардын орындалуы қатаң бақыланып отырды.
Дегенмеи шариғат нормалары қазақ қоғамында ерекше артықшылық жағдайға жете алмады. Олар көбінесе әдет-ғұрып құқығымен тұтастықта болды. Шариғат нормаларының ықпалы әсіресе Қазақстанның отырықшы аудандарында үлкен болды.

 

Дереккөзі: Байжанова Қ. «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқық тарихы жайында» мақаласынан үзінді. Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер – Древний мир права казахов: 10 томдық [Мәтін]. –Т. 2 / Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2003 – (Қазақ академиялық университеті). – 464 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика