"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жапырақ

Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапырақтың пішіні әр түрлі келеді; сыртқы құрылысы — жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген жері - тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады.  Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса - жай жапырақ деп аталады. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса - күрделі жапырақ деп аталады. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл орналасады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар. Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның «қаңқасын» түзетін талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Оның құрамында әр түрлі клеткалардан тұратын негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б. қор жинаута қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа - флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады. Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1 кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады; 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сарыағаш, қарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өсіп жетіледі, 31-40 күннен кейін өсуі тоқталады. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсы жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдіктің бойына келетін ылғалдың жетіспеушілігін азайтады және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетуінен сақтайды. Күзде күн суытып топырақ құрғаған кезде жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте азаяды. Жапырақ пен саба арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сағағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініген өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзілі түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің жапырағы — мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынып, медицинада пайдаланылады.

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 312 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика