"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жалман

Жалман - Қазақстан шөлінің эндемигі. Тышқанға ұқсас кішілеу кеміргіш (денесінің ұзындығы 8-10 см, құйрығы 6-8 мм, салмағы 20-30 г). Ол ғылымға 65 жыл бұрын ғана әйгілі болды. Осы уақыт аралығында ғалымдар қолына небары 50 жалманды ғана ұстаған болар. Алғаш рет бұл кеміргіштің сүйегін Бетпақдала шөлінен жас зоолог Виктор Алексеевич Селевин тапқан болатын, көп ұзамай кеміргіштің өзі де ұсталды. Бірақ сол жылы жас ғалым қаза болып, оның әріптестері ғылымда сүтқоректінің жаңа түрін ашқаны үшін оны зерттеуші ғалымның құрметіне Sеlеvіnа betpakdalensis деп ғалымның ата тегі мен шөлдің атын біріктіріп атады. Ұзақ уақыт бойы жалман тек Бетпақдала шөлінде мекендейді деп есептеді. Бірақ уақыт өте оны Солтүстік Балқаш маңы, тіпті Зайсан шұңқырынан да кездестірді. Ғалымдар үшін оның тіршілік жағдайы жұмбақ болып отыр, ол туралы мәліметтер тырнақтап жиналуда. Сирек эндемик, әрі зерттелмеген түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Мұның атымен Қазақстан зоология журналы алынып отыр, онда жаңа және аз зерттелген жануарлар туралы мақалалар жарияланады.

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика