"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Дендрарий

Дендрарий, дендрологиялық бақ — өсімдіктерді жүйеленімдік, географиялық, экологиялық, әсемдік, т.б. белгілеріне байланысты өсіретін жер телімі, арнайы бақ. Дендрарийдің (грекше dеndrоn — ағаш) ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және ағартушылық мәні зор. Ауданы көбіне жүз гектарға дейін болады. Дендрарий шет жерлерден әкелінген және жергілікті өсімдіктерден құралады. Дендрарий өсірудегі негізгі мақсат — ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен орман шаруашылығы үшін әрі төзімді, әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Жақсы жоспарлап салынған дендрарийдің эстетикалық маңызы зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда Есік және Шымкент дендрарийлері жұмыс істейді. Есік дендрарийі — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік-көрсеткіш питомнигі. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, 1959 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 360 га. Ағаш, бұта көшеттерін өсіреді. Ал Шымкент дендрарийі 1979 жылы құрылған. Аумағы 173 га. Ағаш, бұта, әр түрлі гүл көшеттерін өсірумен айналысады.

 

Дереккөзі: Балалар энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 1/ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008. – 296 бет: сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика