"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Ғалым Жайлыбай

Ғалым Жайлыбай (9.02.1958 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылы) – ақын. «Алаш» сыйлығының лауреаты (1999), жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. Қазір Халықаралық Қ.И. Сәтбаев қорының вице-президенті. Поэзиялық туындылары оқырмандардың ықыласына ие болған. "Жанымның жапырақтары" (1988), "Жүрегімнің жұлдызы" (1996) атты жыр кітаптарының авторы. Соңғы жыр жинағында лирикалық ішкі иірімдермен қоса философиялық ой түюлері оқырман көңілінен шықты. Жайлыбаев өлеңдері табиғи да қарапайым. Тілдің қасиеті, мүмкіндіктері көрінеді. Айналасына суреткер кезімен қарауға қалыптасқан. Ақын жырларында өмір, табиғат, тағдыр тылсымдары астасып жатады. Өлеңдері орыс, украин, қырғыз тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағанбетұлының артында қалған мол мұрасын жинап, алғысөз жазып жеке жинақ етіп бастырған ("Сұлу терек", 1996) "Жанымның жапырақтары" жыр жинағы үшін 1999 жылы "Алаш" сыйлығы берілген. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі. Қытай Халық Республикасы Күйтің қаласынан шыққан "Сүмбіле" деп аталатын қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген.

 

Дереккөзі: Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар: Танымдық-көпшілік басылым. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005. – 386 бет

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика