"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бұлбұл

 

Бұлбұл — торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақставда екі түрі – кәдімгі немесе шығыс бүлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзевдерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі кыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160-190 мм, канатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17-26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл — жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға рып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұгақтарына салады. Мамыр-маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш-он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен коректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да зор.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 1/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика