"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бұйра және қызғылт бірқазандар

 

Бұйра және қызғылт бірқазандар – бір туысқа жататын бұл екі түр бір-біріне өте ұқсас, еліміздің су қоймаларында тіршілік етеді. Бұл ірі ақшыл құс (салмағы 13 кг), ерекше үлкен (ұзындығы 45 см) тұмсығы бар, оның төменгі жағы өте қатты созылатын тері қапшықтан тұрады. Қанатын созғанда 3 метрге дейін жетеді. Олар өте жақсы ұшады. Ұшқанда ертеде жер бетінде мекендеген птеродактильдерге ұқсас. Қызғылт бірқазанның атына сәйкес қауырсындары қызғылт түсті. Көзінің айналасындағы жалаңаш терісі де қызғылт түсті және сары алқым қапшығы болады. Бұйра бірқазан сұрғылт түсті, басындағы ерекше «бұйра» шашы қызғылт сары қызыл болады. Бірқазан балықпен қоректенеді, ожау сияқты тұмсығымен ұстайды. Қазақстанда ұялары Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шымкент облыстарының, Балқаш-Алакөл және Зайсан ойпаттарының өзен-көлдерінде сақталған. Республикамызда 4 мыңдайы ғана ұялайды. Топ болып, көбіне аралас – бірқазанның екі түрі суқұзғынмен және құтандармен бірігіп қоныстанады. Ұясын қамыстың кептелген жерінде, кейде кішілеу аралшықтың ашық жеріне салады. Ұясының пішіні мен сыртқы түрі әртүрлі: әрең дегенде икемделген шұңқырдан қамыстан кермет етіп саңғырығымен жапсырылған, аумағы 1,5 м және биіктігі 1-1,5 м болатын ұялар салады. 2-6, көбіне 2-4 ақ жұмыртқаларын екеуі басып шығарады. Балапандарын ұзақ уақыт алқым қапшығына салынған жартылай қорытылған, кейін бүтін балықпен қоректендіреді. Балапандары екі жарым айдан кейін ұшады. Содан кейін топқа қосылып, қорек іздеп басқа су қоймаларына қоныс аударады. Қазақстанда наурыздан қарашаға дейін болады. Бірқазандар адамның тікелей қуғынға ұшыратуынан, соңғы жылдары саны азайып кетті. Екі түр де қатаң қорғауды қажет етеді. Қазақстаның Қызыл кітабына енгізілген.

 

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 1/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика