"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Барыс немесе ілбіріс

 

Барыс немесе ілбіріс – күшті, дембелше, ұзын құйрықты (денесінің ұзындығы құйрығымен 225-250 см, салмағы 40 кг) терісі теңбілді мысық. Мәңгі қарлы тау етегінде тіршілік етеді. Қыста қоректену үшін төмен түседі. Уақытының көбін жеке өткізетін барыс, ерте көктемде шағылысып, үш айдан кейін, көктемнің соңында күз арасындағы ақпанда 1-5, көбіне 2-3 ұрпағын дүниеге әкеледі. Аналығы 2 жылда бір рет ұрпақ береді. Барыстар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Тұяқтылардан басқа, сарышұнақ, қоян, кекілік, ұлармен қоректенеді. Өзінің күштілігі, ептілігі мен құпиялылығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертегі кейіпкері болатын, ал қазір Қазақстанның мемлекет белгісі. Барыс – өте сирек кездесетін аң, сондықтан Қызыл кітаптың барлық түріне енгізілген.

 

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика