"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бақалтақ қыран

 

Бақалтақ қыран

Бақалтақ қыран – біздегі қыранның ішіндегі ең майдасы (қанатының құлашы 135 см, салмағы 600-900 г). Оның бояуы ақшылдан қара түске дейін өзгеріп отырады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларының орманды бөліктерінде тіршілік етеді, жекелеген ұялары Қарқаралыдан белгілі (Қарағанды облысы). Ұяларын ағаштарда, өте сирек құз шоғырларынан кездестіруге болады. Бұл қырандардың ұялау кезеңінің басында ұясына жақын жерде кермет құс ойнағын салады. Сонымен қатар осы кезде бұлар – айғайлағыш, дауысы – әдеттегі қыран шаңқылдауы. Ұясындағы екі, сирек бір жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Аталығы осы кезде ұясын қорғап, қорек тасиды. Балапандары ұясын екі айдан кейін тастайды. Құстармен қоректенеді. Бақалтақ қыран – жыл құсы. Ұялау орынан сәуірден қыркүйекке дейін кездестіруге болады. Соңғы онжылдықта саны азайып кетті, қазір Қазақстан Қызыл кітабы қорғауында.

Дереккөзі: Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі[Мәтін]: Ғылыми-көпішілік басылым. -  Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, сур.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика