"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Байланыс

 

Байланыс

1) әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;
2) почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф,фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысыавтоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.
3)сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде — символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 2/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика