"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Арқар

Арқар — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйіз-ділер тұқымдасына жататын ірі аң. Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 5 түрі: Алтай арқары, Қызылқұм арқары, Қазақстан арқары, Тянь-Шань арқары, Қаратау арқары кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығынын биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне көгадды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста, салқын түсе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қоныс аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы көбіне жалқы қозы табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл жасайды. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру аркылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы — қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Арқар — бағалы кәсіптік аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған.

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 1/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика