"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Альдегидтер

Альдегидтер, RСНО-құрамында көміртек радикалымен байланысқан альдегид тобы бар органикалық қосылыстар. Ол спирттерқұрамындағы сутектің екі атомын алып тастағанда түзіледі. "Альдегид" деген атаудың өзі де аlсаһоl dеgіdrоgеnаtus деген латын сөздерінің (сутектен айырылған спирт) алғы буындарынан құралған. Альдегидтер өз құрамындағы кышқыл атымен аталады. Мысалы, құмырсқа қышқылынан құмырсқа альдегиді не формальдегид (НСНО), сірке қышқылынан сірке альдегиді не ацетальдегид (СН3СНО), т.б. түзіледі. Тиісті көмірсутекке "аль" жалғауы жалғанып, метаналь (НСНО), этаналь (СН3СНО), т.б. деп те аталады. Альдегидтерге спирттік және қышқылдық қасиет тән. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясына бейім, мұның нәтижесінде күрделі эфир не спирт және қышқыл түзіледі. Сондай-ақ альдегидтер полимерлену және конденсаттану реакцияларына өте бейім келеді. Альдегидтер полимерлер, дәрі-дәрмектер, көмірсулар, синтетикалық бояу, т.б. заттар алу үшін қолданылады. Өндірісте альдегидтер спирттерді тотықтыру немесе дегидраттау арқылы алынады.

Физикалық қасиеттері. Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.
Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Құрамында еселі байланыс болғандықтан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалык косылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділіғі жоғары және реакцияға жеңіл түседі.

Дереккөзі: Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы [Мәтін]: Т. 1/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика