"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Раджибаев Марат Юнусович

Просмотров: 977

 

     Раджибаев Марат Юнусович 1949 жылдың 19 желтоқсанында Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дүниеге келген. М.Раджибаев В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша 1972 жылы тәмамдап, Балқаш тау-кен металлургиялық зауытына жолдамамен жіберілген. Осы жерде мыс балқытушыдан бастап БГМК мыс балқыту зауытының директоры қызметіне дейін көтерілді.
        Оның озық ойы, түйткілді мәселелерді терең зерделеуі, талапшылдығы, ұтымды шешім қабылдай білуі металлургтер арасында жоғары бедел мен сый-құрметке ие болуына жол ашты. 1987 жылы М.Раджибаев КСРО Түсті металлургия министрлігінің «Балқашмедь» мыс және прокат шығару өндірістік бірлестігінің бас инженері болып тағайындалды.
       Жігерлі, талапты, тәжірибелі ұйымдастырушы Балқаш тау-кен металлургия комбинаты кәсіпорнының дамуына елеулі үлес қосты. Оның сұйық ваннада балқыту кешенін салудағы еңбегі зор. 1985 жылы мыс сульфидті концентраттарын өңдеуге арналған Қазақстандағы жалғыз ПЖВ бірегей кешені пайдалануға берілді.
       Марат Юнусовичтың басшылығымен өндірістегі бірқатар міндеттер айқындалып, биік межеге қол жеткізілді. БГМК ұжымы кеңестік социалистік жарыстарда ондаған мәрте жеңімпаз атанды. Комбинат базасында балқаштың металлургтері мен кеншілерінің тәжірибесін таратуға арналған ел көлемінде семинарлар, конференциялар өткізілді.
       М.Раджибаев – химия ғылымдарының кандидаты, 16 зерттеу жұмыстарының авторы. Оның мақалалары «Промышленность Казахстана», «Цветные металлы» журналдарында және басқа басылымдарда жарық көрді.
      1991 жылы Марат Раджибаев Қазақстан Өнеркәсібі министрлігінің «Балқашмыс» ӨБ бас директоры болып тағайындалды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын-қыстау тұста мемлекет комбинатқа несие береді, сол қаражат есебінен металлургиялық өндіріс ошағы қайта жабдықталып, заманауи аффинаж зауыты және басқа да өндіріс ошақтары салынды.
       1991 жылы М.Раджибаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. Халық қалаулысы ретінде тәуелсіз мемлекеттің саяси тұрғыдан жаңғыруына үлкен үлес қосты. 2005 жылы Марат Юнусович Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды. Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасының сайлауына белсенді қатысқаны үшін М.Раджибаевқа Н.Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хат табыс етілді.
       М.Раджибаев III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
      Марат Раджибаевтың өмірі мен қызметі - қала жастары бойындағы қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жарқын үлгі.
      Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы №8/60 шешімімен Раджибаев Марат Юнусовичқа «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Мақалалар тізімі:
1. Өмірі өндіріспен өркендеген // Балқаш өңірі. – 2021. – 20 қазан (№80). – 8 б.
2. Тейлянов, Қ. «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы / Қ.Тейлянов // Балқаш өңірі. – 2021. – 29 қазан (№83). – 2 б.

 

 

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика