"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жергілікті ақын, сазгер, журналист Қуандық Мақсұтұлы Сәденовпен «Туған өлке – тұңған шежіре» атты тікелей эфир

Просмотров: 59

 

Бүгін Қала күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Парасат жолы» орталығы аясында жергілікті ақын, сазгер, журналист Қуандық Мақсұтұлы Сәденовпен «Туған өлке – тұңған шежіре» атты тікелей эфир өтті.
Қуандық Мақсұтұлы 30 жыл еңбек өмірін тілші мамандығына арнайды. «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы, «Құлық Жалаңтөс (Соқыр) батыр ұрпақтарының шежіресі», «Ауылым Жалаңтөстің Қызылтасы»  кітаптарының, «Алтын анам» атты алғашқы аудиоальбомның, жиырмаға тарта әндердің, сонымен қатар, қаланың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ару Балқаш, әнім менің!» әнұранының авторы.
Сұхбат барысында Қ.Сәденов өз шығармашылығынан өлең оқып, қалам тербеген ақын-жазушылығына тоқталып, қаланың мәдениеті, жастардың қарқыны, парасаттылық, өмірінде кітаптың, жалпы әдебиеттің алатын орны жайлы мағыналы ойларымен бөлісті. Өңіріміздің таланты ерек танымал тұлғасы Қуандық Мақсұтұлы балқаштықтарды Қала күнімен құттықтап, жылы тілегін білдірді.
Қонағымызға алғысымызды білдіріп, шығармашылық шабытыңыз таусылмай, шаһарымыздың мәдениетіне үлес қосып, талантымен жұрт ықыласына бөлене беріңіз демекпіз.

https://www.youtube.com/watch?v=wWcrR-YL-7M&t=13s

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика