Бүгін Қала күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Парасат жолы» орталығы аясында жергілікті ақын, сазгер, журналист Қуандық Мақсұтұлы Сәденовпен «Туған өлке – тұңған шежіре» атты тікелей эфир өтті.
Қуандық Мақсұтұлы 30 жыл еңбек өмірін тілші мамандығына арнайды. «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы, «Құлық Жалаңтөс (Соқыр) батыр ұрпақтарының шежіресі», «Ауылым Жалаңтөстің Қызылтасы» кітаптарының, «Алтын анам» атты алғашқы аудиоальбомның, жиырмаға тарта әндердің, сонымен қатар, қаланың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ару Балқаш, әнім менің!» әнұранының авторы.
Сұхбат барысында Қ.Сәденов өз шығармашылығынан өлең оқып, қалам тербеген ақын-жазушылығына тоқталып, қаланың мәдениеті, жастардың қарқыны, парасаттылық, өмірінде кітаптың, жалпы әдебиеттің алатын орны жайлы мағыналы ойларымен бөлісті. Өңіріміздің таланты ерек танымал тұлғасы Қуандық Мақсұтұлы балқаштықтарды Қала күнімен құттықтап, жылы тілегін білдірді.
Қонағымызға алғысымызды білдіріп, шығармашылық шабытыңыз таусылмай, шаһарымыздың мәдениетіне үлес қосып, талантымен жұрт ықыласына бөлене беріңіз демекпіз.
https://www.youtube.com/watch?v=wWcrR-YL-7M&t=13s