"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Ақын, жазушы С.Досжанмен «Сырға толы нұрлы бейне» тікелей эфирі

Просмотров: 136

 

     2021 жылғы 18 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында және «Парасат жолы» орталығында ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі Досжан Сәуле Мағазбекқызымен «Сырға толы нұрлы бейне» атты тікелей эфирде кездесу өтті. Жүздесу  барысында автордың «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тізіміне ұсынылған «Қасірет пен тағдыр» романы, сондай-ақ «Үлкен үйдегі үрей», «Өгей жүрек», «Ауылдан шыққан миллионер» туындылары талқыланып, Сәуле Мағазбекқызының ақындықтан жазушыға дейін дара жолы баяндалды. Сұхбат кезінде, автор үздік әдеби шығармаларды үлгі ете отырып, біздің мемлекетімізді дамытатын және оны алға жетелейтін білімді жастарды әдептілік, адалдық, әділеттілікке тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталды. Эфирге қатысушылар бірнеше рет танымал жазушыға жылы лебіздерін білдірді. Кеудесі сырға толы, нұрлы жүзді С.Досжанмен кездесу қызықты, мазмұнды өтті.
     Құрметті достар! Әрқашан ақылды кітаптарды іздеңіз және оқыңыз, бұл сіздің ішкі әлеміңізді байытады. Өзін-өзі жетілдіруге және жаңа білім алуға мүмкіндік беретін білімді адамдармен жүздесу сәтін жіберіп алмаңыздар!

https://www.youtube.com/watch?v=fVra2ap-jDQ

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика