"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

«Парасат жолы» орталығы және бұрыштарының ашылуы

Просмотров: 1155

 

 

   Қоғам және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық кітапханаларында  «Парасат жолы» орталықтары ашылуда. 
     Бүгін Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханаларында «Парасат жолы» орталығы және бұрыштары өз жұмысын бастады.
    С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханадағы «Парасат жолы» орталығының ашылуына «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Балапанова Ж.С., Ардагерлер кеңесінің төрағасы, денсаулық сақтау саласының ардагері  Жұманов Т.А., Аналар кеңесінің төрағасы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, білім беру саласының ардагері Сыздықова Ш.Р., мемлекеттік қызмет ардагері, Ә.Бөкейханов қорының төрағасы, Қазақстан тілшілер одағының мүшесі,  жазушы Жарылғап М.С., ақын, жазушы, журналист Сәденов Қ.М., ақын Бөлекова М.И., ақын, тілші Кәрім Н.М., қалалық мешіттің наиб-имамы Естай А.,  қалалық БАҚ өкілдері қатысып, әдебиет арқылы парасаттылықты дәріптеу туралы өз ойларымен бөлісті. «Парасат жолы» орталығының іскерлік алаңындағы сұхбат барысында қатысушылар Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы  трактаты» және Абайдың «Толық адам» туралы ілімі, Қазақстан әдебиетінің, еліміздің ұлы қоғам қайраткерлері – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалардың үздік шығармалары мысалында жастардың бойында парасаттылық, адалдық, әділдік қасиеттерін тәрбиелеу, қоғамдық ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру туралы өз пікірлерімен бөлісті.
   «Парасат жолы» орталығы және бұрыштарының қатысушыларына қызмет бағыттары бойынша әдебиеттермен таныстыру үшін «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тұрақты көрмелері дайындалды.Біз, «Парасат жолы» орталығы және бұрыштары жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді алаңына айналатынына сенеміз, мұнда жастардың ақындармен, жазушылармен, қаланың басқа да танымал адамдарымен кездесулері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған басқа да іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

https://www.youtube.com/watch?v=YmWBoqyfim0&t=38s

      

        

          

            

            

 

 

 

 


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика