"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

«Металлург — ғасырлар бойы келе жатқан мамандық» тікелей эфир

Просмотров: 56

  Осы күндердің бірінде біздің еліміз аға ұрпақтың дәстүрлерін жалғастыра отырып, қастерлейтін және құрметтейтін батыл, кәсіпқой мамандардың, адал еңбек иелерінің мерекесі - Металлургтер күнін атап өтеді. Бұл біз үшін ерекше мереке, өйткені Балқаш көлінің жағасында түсті металлургия алыбының салынуымен қаламыздың тарихы басталды.
     Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Парасат жолы» орталығының жұмысы және «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасын жүзеге асыру аясында «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС мыс балқыту цехының балқыту бөлімінің ауысым шебері Сатбеков Исағалы Сабырғалыұлымен тікелей эфирде кездесу өтті.
     Қонағымыз металлургия өндірісіндегі еңбек жолының қалай басталғаны, кәсіпорында қабылданған тәлімгерлік жүйесі туралы әңгімелеп, қаламыздың индустриялық дамуын, оның болашағы туралы көзқарасымен бөлісті. Сондай-ақ, Исағалы Сабырғалыұлы әңгімесінде отбасылық дәстүрлері мен хоббиі туралы айтып, сүйікті кітаптарына тоқталып, оларды оқуға ұсыныстар берді. Сұхбат барысында  жас ұрпақты қоғам алдында ғана емес, ең алдымен өздеріне қатысты адал болуға, әділеттілік, әдептілік, парасаттылық рухында тәрбиелеу қажеттілігіне ерекше тоқталды. Кездесу соңында  қонағымыз барлық балқаштықтарды келе жатқан Металлургтер күнімен құттықтады.
     Біз  де аймақтың металлургиялық кәсіпорындарында жұмыс жасайтын еңбексүйгіштігі, шеберліктері, жауапкершіліктері үлкен құрметке лайық мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Сізге және Сіздің отбасыларыңызға бақыт, мықты денсаулық, амандық  тілейміз!

https://www.youtube.com/watch?v=3eaakq31HCg


Дата редактирования: 20 Қыркүйек 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика