"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

«Азалы тарихқа – айрықша тағзым» тікелей эфир

Просмотров: 362

 

    31 мамыр күні біз Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - миллиондаған адамдар қаза болған жаппай саяси қуғын-сүргін және жантүршігерлік ашаршылықты еске аламыз. Осы ұмытылмас қасіретті күннің қарсаңында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында Шашубай кентінің тарих пәнінің мұғалімі Айзада Аманкелдиновна Махмутовамен «Азалы тарихқа – айрықша тағзым»  атты тікелей эфир өтті.
     Сұхбат барысында А.Махмутова осы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары туралы, адамзат тарихындағы қазақ даласын ұлттық апатқа ұшыратқан ашаршылық жылдары халқымыз өткерген қиындықтары, мал-жанынан айырылған халықтың қасіреті, осы нәубеттің соңынан ілесе келген ұлтжанды алаштың ардақтыларына ұлтшыл деген жалған жала жабылып, 58-баппен сотталып жазықсыз атылған, озбыр саясаттың құрбандары болған, мемлекетіміздің тәуелсіздігі жолында жандарын қиған қайраткерлеріміз - Алаш партиясы лидерлерінің қайғылы тағдыры жайында айтты.
     Бұл кездесудің тақырыбы өте қиын және қайғылы, бірақ бұл кез-келген жағдайда адамзаттың адал және әділ болып қалу керектігін тағы бір рет еске салады. Халықтың қасіретті кезеңдері әрдайым елдің жадында болуы тиіс. Біз өткен күндердегі қателіктерден сабақ алып, жазықсыз құрбан болғандарды еске ала отырып, халықтың бірлігі мен келісімін және бейбіт өмірді баға жетпес құндылыққа бағалаған Тәуелсіздігіміздің жетістіктерін қастерлеуіміз керек.

https://www.youtube.com/watch?v=Vr5jIx6vPxM


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика