"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

23 Сәуір 2021

«KITAP FEST»


23 сәуір -  Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітап пен оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды, соның бірі - қалалық кітап фестивалі «KITAP FEST». Карантиндік шектеулерге байланысты фестиваль қатысушылары Zoom платформалары мен әлеуметтік желілерінде онлайн форматта кездесті. 


«KITAP FEST» фестиваль бағдарламасының бейне презентациясымен басталды. Кейін фестиваль ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Балқаш өңірінің әдеби - мәдени мұрасы» бейнероликті тамашалауымен жалғасын тапты.

Барлық тілек білдіруші қатысушылар №4 кітапхана-филиалының интеллектуалды кітап викторинасына қатысып, шығарманың аты мен авторын іздеу, мақал-мәтелдер, афоризмдерді жалғастыру және т.б. тапсырмаларды орындады. «Қазақтың дарқан дастарханы» кітап асүйінде №3 кітапхана-филиалы ұлттық тағамдар әдебиеттеріне шолу жасады. Қолданбалы өнер сүйер қауым №5 кітапхана-филиалы өткізген «Өз қолымнан шыққан кітапшалар» шеберлік сағатына қатысуға мүмкіндік алды. А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы жас кітапқұмарлар үшін «Бір үзім нан» атты әуен тыңдап кітап оқуды ұйымдастырды. Экологиялық білімнің білгірлері №2 кітапхана-филиалы ұсынған Қазақстанның көрікті жерлеріне медиа-саяхат жасады. №1 кітапхана-филиалы «Кітап - өмір ұстазы» бейнеролигін тамашалауға шақырды.


С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада өткен «Үміт Үзбе» қайырымдылық қорының төрағасы, «Billionaire» бизнес клубының директоры, ILC халықаралық тілдер мектебінің директоры Оралхан Дәулетұлы Барланмен «Кітап - уақыт пен кеңістіктің тынысы» атты тікелей эфирі «KITAP FEST» фестивалінің маңызды да ерекше сәттерінің бірі болды.
Кітап мерекесіне орай әлеуметтік желілерде «Мен оқыған бір кітап...» атты эссе жазу онлайн-байқауы жарияланған болатын. Байқау қорытындысы, жеңімпаздарды құттықтау рәсімі ОКЖ Instagram парақшасында тікелей эфирде өтіп, осы мерекелік сәтте кітап фестиваліміз өз мәресіне жетті.
Оқу мәдениетін арттыру, оқырманға қолдау көрсету, жастар арасында оқуды және сөйлесу қарым-қатынас қажеттілігін ынталандыру, жалпы кітапхана қызметін дәріптеу, кітапханалар мен оқырмандар арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға арналған моделі ретінде өткізілген «KITAP FEST» кітап фестивалі келесі жылы  офлайн форматта өтеді деп сенеміз.

 

  1. https://www.youtube.com/watch?v=Ly41Q-XCIJ8
     
  2. https://www.youtube.com/watch?v=6SZi8i6l8RI
     
  3. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=998399574027486&id=100015723580942
     
  4. https://www.youtube.com/watch?v=hwXbihQAzFs
     
  5. https://www.youtube.com/watch?v=YxIBV0QwiDc
     
  6. https://www.youtube.com/watch?v=TN1t_xLA6BI
     
  7. https://www.youtube.com/watch?v=pHzIFYNSRks
     
  8. https://www.youtube.com/watch?v=VnRDC4jd5PI
     
  9. https://www.youtube.com/watch?v=KhT_p6F4DNc
     
  10. https://www.youtube.com/watch?v=gVBF3U44Nfs

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика