"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Ж.Мұхаметжановпен «Салт-дәстүрді дәріптеген ұстаз» атты тікелей эфир

Просмотров: 638

 

     Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында  «Bookdating - оқу арқылы болашағыңды құр» жобасы және «Парасат жолы» орталығының қызметі аясында қаланың табысты адамдарымен кездесулер ұйымдастыру мақсатында  ОҚК инстаграм парақшасында «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, «Садақ, арбалет және дартс тарту Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалының директоры, садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ЖББ №9 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұхаметжанов Жұмағазы Тұрсынұлымен «Салт-дәстүрді дәріптеген ұстаз» атты тікелей эфир өтті.
     Қазақ халқының қолданбалы өнері мен дәстүрлі спорт түрлерін  кеңінен дәріптеуге белсене атсалысып жүрген Ж.Мұхаметжановтың есімі біздің өңірімізден тыс жерлерде де танымал. Сұхбат барысында Жұмағазы Тұрсынұлы өзінің ең қызықты және әсерлі спорт түрі - садақ ату, арбалет және дартсқа қалай келгені, кейін өзі қалай спортшы - садақшыларды тәрбиелей бастағаны туралы әңгімелеп, ұмыт болуға айналған құсбегілік, аңшылық, қамшы жасау тәжірибесімен бөлісіп,  қазақ халқы тарихи және мәдени ең бай мұраны  жас ұрпақ арасында жан-жақты насихатталуы қажет және маңызды екенін айтып өтті. Жұмағазы Тұрсынұлы сонымен қатар оқуды өте жақсы көреді, әңгімесінде өзінің тағдырына әсер еткен бірнеше кітаптар туралы өз ойларымен бөлісіп, адалдық,  батылдық, отансүйгіштік  адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді кітаптардан алуға болатынын айтты. Осы қасиеттерді бойына сіңіре алған адамдар ешқашан жемқор, сатқын және т.б. жат қылықтармен көрінетін тұлға болмайды деп кітаптардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше орын алатынына тоқталды.
     Кездесу соңында өз Отанының нағыз патриоты, керемет спортшы, барлық кәсіптің шебері, қызықты сұхбаттасушы Ж.Мұхаметжанов барша халықты Наурыз мейрамымен құттықтап, өз Отанын және өз халқын сүюге шақырды.

https://www.youtube.com/watch?v=w4JUJhVuEik


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика