Оганесян Андроник Ахвердович Москваның медициналық институтын бітіріп, Пермь облысындағы Березника қалалық ауруханасында хирург болып жұмыс істейді.
Балқашқа келгенге дейінгі 15 жылғы еңбек жолын Урал мен Ставропольде өткізді. 1947 жылы А.Оганесянді Қазақстанға жұмыс істеуге арнайы шақырып, Балқашқа жолдама беріледі.
Ол Балқаш қаласында 40 жыл бас хирург болып еңбек етті, хирургия саласына көптеген жаңалықтар қосты. 1962 жылы жекелеген аурулардың тарихы туралы диктофонға жазу тәжірибесін қолданды. 1959 жылы жаңаша анестезия жасауды кіргізді. Андроник Ахвердович жіңішке шекке операция жасауда пайдаланылатын қолдан жасалған инвагинат клапанының және қуыс сүйектің сынығын емдейтін “Оганесян шегелерінің” авторы. Қазіргі уақытта сынық және басқа да жарақаттар алған кезде, А.Ахвердиевич құрастырған шегелер пайдаланылады.
А.Ахвердиевич Вишневский атындағы, сонымен бірге қазақ экспреминтальды-клиникалық институттарымен тығыз қарым-қатынаста болды.
Осы еңбектері бағаланып, А.Оганесянға “Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер” атағы берілді. Сонымен бірге, Андроник Ахвердович “Денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “Ерен еңбегі үшін” медалімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған. 14-ші және 19-шы бүкілодақтық хирургтер съезіне, Дүниежүзілік хирургтер съезіне де делегат болып қатысты.
1973 жылғы хирургтердің Республикалық съезінде А.Ахвердиевич хирургтер қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Бұл құрмет оған ғылыми тәжірибе жұмысында сіңірген зор еңбегі үшін көрсетілген еді.
Академик А.Сызғанов атындағы хирургтар галереясында Қазақстанның атақты, беделді хирургтарымен бірге Андроник Ахвердовичтің де портреті ілулі тұр.
1998 жылы 19 қарашада Балқаш қалалық мәслихат-депутаттар жиналысының шешімімен А.А. Оганесянға «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
2. Алтын қолды дәрігер //Балқаш өңірі. – 2004. – 20 ақпан.
4. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары /Ж.Башарұлы //Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.