03 Маусым 2016
Дәстүр бойынша, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 2 маусымда №2 кітапхана-филиалында «Счастливое детство» акварель бояуларымен салынған суреттер байқауы өтті.
Байқауға Жбб №17 орта мектебіндегі «Солнышко» лагерінің балалары үлкен қызығушылықпен қатысты. Балалар отбасына, табиғатқа байланысты суреттерді аса қызығушылықпен, пәктікпен, көтеріңкі көңіл-күймен және ынтамен бейнеледі. Әрбір баланың суреті тамаша, барлық жұмыстар өздігімен ерекшеленді. Ісшараның соңында балаларға мадақтамалар, естелік жүлделер және тәттілер сыйға тартылды.