03 Маусым 2016
2 маусым күні А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Туым-намыс, Ұраным-бірлік, рәміздер –мақтанышым!» атты ақпараттық сағат өтті. Еліміздің төл белгілері - Туды, Елтаңба және Әнұранды сыйлап, қастерлеуге баулу мақсатында оқушыларға бүгінгі күннің маңыздылығын түсіндіріп, рәміздер туралы мәліметтер берілді. Қойылған аталмыш көрмеден еліміздің рәміздеріне байланысты кітаптар мен мерзімді басылым беттерінен жарық көрген мақалалармен таныстырылды.