03 Маусым 2016
1997 жылдан бастап «31 мамыр Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды.
Осы орайда А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы және Жбб №5 орта мектеп бірігіп, жазықсыз құрбандарды еске алу күніне байланысты «Тарихқа тағзым» атты дөңгелек үстел өткізді. Ісшараға қатысушылар қасіретті жылдардың ащы шындығы жайлы тарихи деректерді негізге ала отырып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Шара соңында осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы туралы бейнебаян көрсетілді.