03 Маусым 2016
Жазғы демалыс уақытында 2 маусым күні №3 кітапхана-филиалы «Летнее солнце на книжной странице» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
№7 мектеп-гимназиясының жанынан құрылған «Алау» лагерінің балалары кітапханаға саяхат жасап, көрмемен танысты. «Фантазия әлемінде, «Ертегілер еліне саяхат», «Книга для почемучек», «Книжки малышки» атты төрт бөлімнен тұрған кітап көрмесі балаларды ертегілер еліне саяхатқа апарып, «Не? Қайда? Қашан?» сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Көрмеге қойылған түрлі-түсті безендірілген әсем кітаптарға балалар қызыға қарап, тамашалады. Кітапханашылар жаздық демалысты көңілді өткізу үшін кітапханаға келіп қызықты кітаптар оқуға шақырды.