31 Мамыр 2016
С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада мамыр айының 31 жұлдызында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында «Тарихтан тағылым өткенге тағзым» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Ісшараға қала колледждерінің студенттері, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты. Шолу барысында А.Солженицынның «В круге первом», Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері», Т.Григорьеваның «Карта Гулага», К.Сардарбектің «58-статья зарзаман», Т.Омарбековтың «Зобалаң», М.Темірұлының «Арман мен азап» т.б. кітаптар кітап көрмесінен табылды.
Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, сырға толы тарихымыздың қойнауына тереңірек үніліп, ұзақ жылдар бойы «үнсіз» жатқан тарихи құндылықтарды жарыққа шығарып, жас ұрпаққа жеткізіп, көп ұлтты еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған бұл саясат ұлт санасына ізін салып та кетті. Біздің ендігі борышымыз - осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.