27 Мамыр 2016
Бүгін С.Сейфуллин атындағы орталық – қалалық кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Бабалар тағылымына – ұрпақтар тағзымы» атты ісшара өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», тарихшы, өлкетанушы Сардарбек Күләш Ыбыжанқызы, ҚР журналистер одағының мүшесі Григорьева Тамара Тимофеевна және академик Ж.С.Ақылбаев маңызды білім беру колледж оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нұртайқызы, «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшелері, 44859 әскери бөлім филиалының командирі Жаксылыков Батыр Бауыржанұлы және бөлімнің әскери қызметкерлері, оқу орынының ұстаздары, студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шараға арнайы қатысқан Күләш Ыбыжанқызы Балқаш өңірінде саяси қуғын-сүргін кезіне көп көңіл аударғаны, сол саясаттың құрбаны Ахметжан Сармантайұлының тағдыры туралы, «58 – статья зарзаман» атты кітабына тоқталып, Алаштың арысы Алихан Бөкейхан жайында терең мағлұматтар бере келе қазақ елінде өткен нәубаттың тарихына тоқталып, «Халық жауы» атанған зиялы қауым қайраткерлерінің ұрпаққа ой салар, үлгі болар өмірі мен қазақ мемлекеті үшін жасаған ерліктері, қызметі туралы, көпшілік біле бермейтін тарихи оқиғалармен бөлісті. Тамара Тимофеевна жылдар бойы газет беттерінде жазылған мақалаларының арқасында 2012 жылы өз қаражатына 30 дана «Карта ГУЛАГА» атты кітабын жарыққа шығарды. «Кәусар» әдеби клубының мүшелері Ғалым Жайлыбайдың «Қарағанды лагері» өлеңін оқыды.
Дөңгелек үстелде тоталитарлық жүйе кезіндегі саяси қуғын-сүргін, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтың туындау себептері, салдары, отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелермен қатар, зерттеу нысаны жан-жақты талқыланып, видеороликтер көрсетілді. «Алаш қайраткерлері аңсаған тәуелсіздікке жеттік» кітап көрмесімен таныстыра отырып, оқырман кауымға әр кезде осы әдебиеттерді кітапхана қорынан таба алатындарын жеткізді. Кездесуге қатысқан қонақтар жастарымызға ізгі тілектерін білдіріп, өз ұлтын сүйетін, Алаш арыстарын құрметтейтін отансүйгіш жас ұрпақ бар екенін айтты.