22 Мамыр 2016
«Есіңе мені алғайсың» - деп жырлаған поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойы аясында 22 мамыр күні №2 кітапхана-филиалында «Мұқағали Мақатаев - мәңгілік ғұмыр» тақырыбында еске алу сағаты өтті. Ісшараға №16 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Мұқағалидің өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Көркемдікпен, асқан шеберлікпен ақын өлеңдерін оқыған Н.Төлеген, А.Тілеубекова көрермен көңілін толқытты.