20 Мамыр 2016
Мамыр айының 20 жұлдызында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада поэзия ақыны Руфь Тамаринаның 95 жылдық мерейтойына арналған «Ардагерлер» клубының қатысуымен «Как хорошо, как больно жить на свете...» атты әдеби қонақжай кеші өткізілді.
Ісшараға барлық қатысушылар белсене қатысты. «Ардагерлер» клубының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген журналисті, еңбек ардагері Тамара Тимофеевна Григорьева Руфь Тамаринамен таныс болғанын айтып, қызықты және мазмұнды сөйлеген сөздері көрермендердің қызығушылықтарын тудырды. Ол қуғын-сүргінге тап болған, сонда да бәрінен де мейірімділік пен кең пейілділікті, ішкі үйлесімді бағалаған, жарқын болашаққа деген сенімі өте жоғары болған таңғажайып әйел туралы әңгімелеп берді.
Кештің әрбір қонағына өздеріне ұнаған өлеңдерін оқуға және Руфь Тамаринаның талантына ризашылығын білдіруге мүмкіндік берілді.