"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Мамыр 2016

«Терроризмге жол жоқ!» дөңгелек үстел


     Қоғамда террористік және экстремистік жағымсыз әрекеттерге қарсы тұрудың негізгі бағыты оны алдын алу болып саналады. Осы мақсатпен №5 балалар кітапхана-филиалы 18 мамыр күні №25 орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Терроризмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

   Бұл ісшараға Қоңырат мешітінің бас  имамы  Досмахов Ғабидолла мырза қатысып, дәстүрлі дін,  діни терроризм  мен экстремизмнің зиянды әрекеттері және дәстүрлі емес діни бағыттары туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар бас имам балаларға өзге арам пиғылды адамдардың азғыруына көніп, теріс жолға түсіп кетпеулерін, адамгершілік, түсіністік, мәдениет, жақсылық сияқты өнегелік нақылдарды түсіндірді. Балалар өз ойларымен бөлісіп, имамға өз  көкейлерінде  жүрген сұрақтарына жауап алды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика