"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Мамыр 2016

«Әнің болып төгілемін» өнер сағаты


     Композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына орай №4 кітапхана-филиалында «Әнің болып төгілемін» атты өнер сағаты өткізілді. Кітапханашы  Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, видеосұхбат ұсынды. Қатысушыларға  кітаптардан дайындалған  «Фото-тұлғаларды танисыз ба?» деген сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, сұрақтар арқылы  І.Жақановтың тағы бір қыры - суретшілігі білініп, осы ерекше  әуестіктің жемісін 78 жасында тапқанын білді.  Дайындалған  кітап көрмесіне шолу жасалынып,  жазушының  «Жүрек пернесі - лирикалық эсселер» деген жаңа кітабы таныстырылып, оның халық арасында кең таралған "Еділ мен Жайық", «Әселім әнім», «Даниярдың әні» әндері Е.Баймағамбетовтың орындалуында тыңдалды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика