22 Сәуір 2016
Биыл әйгілі композитор, қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым, дирижер, өнертану ғылымының докторы Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл.
Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада 21 сәуір күні «Ғасырлар пернесі» атты әдеби-музыкалы сағат өтті.
Іс-шара барысында жүргізуші композитордың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, Тораңғалық округінің негізгі білім беретін орта мектебінің оқушылары М. Қадыржан , Д. Ербол, А. Арыстанбек, А.Башаева «Қарлығаш», «Аққу» билерін мың бұрала биледі. Н.Сатболдың орындауындағы баршамызға әйгілі «Ақ көгершін» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кітапхана оқырманы Е.Баймағанбетов А.Жұбановтың шығармашылығынан қызықты оқиғаларды әңгімелеп, «Айқаракөз» әнін баянмен шырқады.
Іс-шара соңында қазақ музыкасының қарлығашы жайында бейнебаян көрсетіліп, өнерлерін көрсеткен қатысушыларға алғыс хат, естелік сыйлықтар тапсырылды.