"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

21 Сәуір 2016

«Мәңгілік жүрегімдесің, туған қалам!» дөңгелек үстел


     №4 кітапхана-филиалы мен Қалалақ ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырған Балқаш қаласының 79-жылдығына орай жастардың патриоттық сезімін биіктен көруді мақсат етіп, «Мәңгілік жүрегімдесің, туған қалам!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Ардагерлер кеңесінің  мүшелері Л.Ворошкевич, Л.Рябчевская, Р.Арзымбетова, Т.Григорьева, Ш.Сыздықова, Қ.Иманбеков, Ф.Ахметова және т.б. қонақ болып шақырылды. Еңбегі сіңген журналист Т.Григорьева өзінің сиясы кеппеген кітабының бөлімдерімен таныстырды. Қатысып отырған  Ә.Мусин атындағы  Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің  студенттеріне ардагерлер Балқаш көлі, демалыс пен саяхат орындары, мыс зауытына, қалаға деген үлкен мақтаныш сезімдерін білдіріп, естеліктерін айтты. «Маржан сөз» клубының төрайымы Балқаш мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы  М.Омурова М.Нұртазаұлының «Балқашым» өлеңін оқып, ардагерлердің құрметіне мәдени-сауық орталығының  қобызшысы А.Есимова мен күйші А.Шаймерденов өз өнерлерін паш етті. Кітапханашы әсем де сүйікті Балқаш қаласын таза ұстап, оны көркейтіп, тарихта аты қалатын жаухарлары мен гауһарларының  сіңірген еңбектері мен айтылған тілектерін ұмытпау керек,  – деп қорытындылады. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика