14 Сәуір 2016
Балалардың ой-өрісін және қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту мақсатында 14 сәуір күні №17 орта мектеп қабырғасында №2 кітапхана-филиалы «Знай, люби и береги природу» атты экологиялық КВН өткізді. 6 сынып оқушылары экологиялық сұрақтарға жауаптарын табуда көңілділігімен және тапқырлығымен, ұжымдас болуында сайысты. Экологиялық КВН келесі кезеңдерден тұрды:
1.Таныстыру
2. Ширату
3. «Дәрілік кітапхана»
4. «Зияткер»
5.«Экологиялық марофон»
6.«Экологиялық подиум»
7.«Жануарлар әлемінде» - аңдарды көрсету
8.«Анималист» - аңдарды салу
Сайысқа 6 сынып оқушылары «Земляне» және «Хозяева планеты» командалары болып екіге бөлініп қатысты. Аталмыш КВН оқушыларды қуанышқа бөлеп, соңында қазылар алқасы шешімін шығарып, қатысушыларға мадақтамалар мен сыйлықтарды табыс етті.