"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

07 Сәуір 2016

«Геология болашағы» кездесу


      6 сәуір №4 кітапхана-филиалында «Геология болашағы» атты  тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Қонаққа геология саласының қыр-сырын жетік меңгерген майталман маман, Балқаш қаласының құрметті азаматы Нәбиев Ерлан Ражанұлы шақырылды.  Қысқаша өмір-тарихын сонау жасыл желек жамылған Алматыдан келген  жас маман аптап ыстықты, тасты жер Саяққа келгендегі, өзінің студенттік және еңбек жолы туралы әңгімемен бастады. Кездесу барысында шақырылған №15 мектеп-лицейі мен Балқаш техникалық колледж студенттері  ынтамен тыңдап,  ұстаздары, ізбасарлары,  жоба еңбектері, алған төс белгілері туралы сұрақтар қойды. 45 жыл еңбек еткен, жастайынан Саяқ кентінің нанын жеп, суын ішіп, тер төгіп еңбегінің жемісіне ризашылдығын шын көңілмен білдіріп, геолог-барлаушы  Е.Набиевтің еңбегі ақталып, көп жылдық сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген барлаушысы», «Бірінші кен орнын тапқыш»,  «Балқаш қаласының құрметті азаматы»атағына ие болды. «Кенші даңқы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Қазір зейнет жасында болса да жобалар кеңесшісі қызметін атқарып,   мемлекетіміздің  тұғырының биік болуына тынбай үлес қосып жүргенін білдік. Кітапханашы «Геология болашағы» кітап көрмесіне шолу жасап,  2009 жылы  Алматыда басылып шыққан «Умом и молотком. Исследователи недр Казахстана»  кітабын  таныстырды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика